Ақтөбеде жүкті әйел COVID-19-дан қайтыс болды
Ақтөбеде жүкті әйел COVID-19-дан қайтыс болды
©Сурет интернеттен алынды
Жүкті әйел COVID-19-дан 28 маусымда қаза болды. Аяғы ауыр келіншекте тыныс алу жетіспеушілігі және пневмония болған еді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев мәлімдеді. «Жүкті әйел  кеше жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болды. Коронавирус инфекциясы аясында ол екі жақты пневмониямен тыныс алуы да қиындап кеткен. Соның кесірінен көз жұмды», - дейді Қалиев. Бүгінгі күні пневмониямен ауыратын облыстағы аурухананың барлығында 1000-ға жуық адам жатыр. Оның 27-сі реанимацияда, 10-ы механикалық желдету құрылғыларына қосылған. Айдын басынан бері 47 адам пневмониядан қайтыс болды.