Халық қалаулылары – Павлодарда
Халық қалаулылары – Павлодарда
5,182
оқылды

Мәжіліс депутаттары Айзада Құрманова, Айгүл Нұркина, Жәмилә Нұрманбетова, Александр Суслов Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Мәжілісмендер ауыл-ауылдарды аралап, бірнеше әлеуметтік және өндірістік кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Кездесу барысында депутаттар өңірдегі өзекті мәселелерді анықтап, басшылыққа бірқатар тапсырма берді.

Павлодар ауданына жұмыс сапары барысында депутаттар гидропоника бойынша бидай өсіруге маманданған IP Green Farm орталығында болды. Содан кейін халық қалаулылары құрылыс салынып жатқан объектінің насостық станциясына – Мичурино ауылындағы сумен жабдықтау жүйесіне барып қайтты.

Мәжіліс депутаты Айзада Құрманова Новочернярка кентінде 1 маусымда ауыл тұрғындарына жаңа медициналық клиникаға, сондай-ақ жергілікті тұр­ғындарға ұсынылған шағын футбол алаңына барды. Сонымен қатар Айзада Амангелдіқызы «Жаңа Қала» ЖШС-нің еңбек ұжымымен және осы кәсіп­орынның бастығы Қайрат Тұрлыбаевпен кездесті. Шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізген саясаттың негізгі ережелері, атап айтқанда, әлеуметтік бастамалар әлеуметтік осал топтардың әл-ауқатын жақсарту мәселелері айтылды.

Еңбек ұжымдарымен сұхбатында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және агроөнеркәсіптік кешенді жетіл­діруге бағытталған мемлекеттік бюд­жеттен субсидиялар талқыланды.

Сондай-ақ Екібастұз қаласына сапары кезінде депутат Айзада Құр­ма­нова кәсіпкерлермен кездесіп, олардың жер телімін цифрландыру мәселесі бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.

Мәжіліс депутаттары Nur Otan пар­тия­сының Успен аудандық филиа­лында партия белсенділерімен кездесу өткізді. Жиында Александр Суслов мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері туралы айтты.

«Коуоркинг орталығы» негізінде жастармен кездесу барысында Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина жастарға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Бүгінде жастар өз идеяларын дамытуға, жеке бизнесін дамытуға және жобаларды іске асыруға арналған гранттар алуға мүмкіндік алатынын тілге тиек етті.

Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова білім беру жүйесіндегі өзгерістер және колледждерде білім беру грантын бөлу мәселелеріне толығырақ тоқталды.

Павлодар өңіріне іссапар барысында депутаттар мен түрлі ұйымдар, мекеме басшылары, тұрғындар елімізге көшіп-қонушылармен қатынастарды реттеу, жұмыссыздық, білім беру және ауыл шаруашылығына қатысты бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.