Әділбек Ниязымбетовтің алғашқы бапкері қайтыс болды  
Әділбек Ниязымбетовтің алғашқы бапкері қайтыс болды   
Фото: Интернеттен алынды
178
оқылды
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жеңіс Жарылғапов дүниеден озды, – деп хабарлады Қазақстанның бокс федерациясы. – Қазақстан бокс федерациясы еңбек сіңірген бапкер Жеңіс Жарылғаповтың дүниеден озуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл білдіреді, – делінген хабарламада. Жеңіс Жарылғапов – Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтің алғашқы бапкері. Ол сондай-ақ Жаңаөзен құрамасының аға бапкері болған. Марқұм Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері мен жеңімпаздары Жеңіс Таймуринов, Қанат Көптілеуов және тағы басқа боксшыларды жаттықтырды.