Сoronavirus2020.kz сайты хабарлағандай, коронавирустық инфекциядан бес адам қайтыс болды.
Оның біреуі - Шымкент қаласының тұрғыны. Ер адам 1969 жылы туған. Екіншісі - 1949 жылғы әйел. Ол - Қарағанды облысының тұрғыны. Ал Батыс Қазақстан облысынан бір әйел мен екі ер азамат қаза болды. Ер азаматтың бірі 81 жылғы болса, екіншісі - 63 жылғы екен. Әйел болса 1938 жылы дүниеге келген.Зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциясынан қаза болған деп тіркеді. Жалпы, Қазақстанда бұл дерттен - 188 қаза тіркелді.
- Нұр-Сұлтан - 61;
- Алматы - 26;
- Шымкент - 15,
- Ақмола облысы - 14,
- Ақтөбе облысы - 4,
- Алматы облысы - 1,
- Атырау облысы - 6,
- Шығыс Қазақстан облысы - 4,
- Жамбыл облысы - 1,
- Батыс Қазақстан облысы - 10,
- Қарағанды облысы - 14,
- Қостанай облысы - 3,
- Қызылорда облысы - 2,
- Маңғыстау облысы - 3,
- Павлодар облысы - 13,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 2,
- Түркістан облысы - 9