Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, пневмониямен түскен 71 науқастың жағдайы қиын. Оның 13-нің халі өте ауыр.
"Бүгін рентген кабинеті мен зертхана жұмыс істеді. 37 науқас рентгенографиядан өтті, оның 18-інде пневмония анықталды. Қазір олардың барлығы күндізгі стационарда жатыр», - дейді № 7 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі Ботагөз Жұмабекова.Естеріңізге, салсақ, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында да пневмониямен ауыратындардың саны күрт өсуде.