Дмитрий Попко 3 күнде қатарынан 5 рет жеңіске жетті
Дмитрий Попко 3 күнде қатарынан 5 рет жеңіске жетті
Фото: Интернеттен алынды
152
оқылды
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко All Lower level tournaments додасында сәтті өнер көрсетуде. 27-маусымда Аргентина теннисшісі Хорди Арконадаға 3:6, 6:3, 10:6 есебімен есе жіберген отандасымыз, одан кейінгі кездесулерінің бәрінде жеңіске жетті. Сериалы жеңіс қатарынан үш күн бойы жалғасуда. Сенбі күнгі екінші кездесуінде теннисшіміз америкалық Кэннон Кингслиді 7:6, 4:6, 10:4 есебімен қапы қалдырды. 28-маусымда да кортқа шығып канадалық Лиам Драксланы 6:3, 3:6, 10:3 есебімен, америкалық Эван Кингті (7:5, 7:6) есебімен жеңді. Ал 29-маусымда Попко чилилік Александра Табило (3:6, 6:1, 10:7) мен Эван Кингтен (6:4, 5:7, 9:11) айласын асырды. Айта кетейік, індет кезінде мұндай додалар жеңілдетілген ережемен өткізілуде. All Lower level tournaments теннис додасы да қатаң карантиндік талапты сақтау арқылы ұйымдастырылып жатыр.