Қазақстанда жүріп жатқан пневмония емес, коронавирус
Қазақстанда жүріп жатқан пневмония емес, коронавирус
©Сурет интернеттен алынды
117
оқылды
Дәрігерлер Қазақстанда жаппай жүріп жатқан пневмонияның 99% коронавирус қоздырып жібергенін айтуда. Олардың айтуынша, бұл пневмонияның өршуі - коронавирустық инфекцияның салдарынан екен. Себебі, пневмониямен ауыратын көптеген пациенттен COVID-19 табылмай шықты. Бірақ олардың жаппай сырқаттануы - осы вирустан. 
"100 пайыз деп сендіре алмаймын, бәрібір 99.999% коронавирустың салдарынан деп ойлаймын. Себебі бұрын-соңды маусым айында  елдің бәрі пневмониямен ауырған емес", - дейді иммунолог Рафаил Розенсон.
Рафаил Розенсонның мәлімдеуінше, бүкіл адамзаттың бәрінде коронавирусты бірден анықтап алатындай мөлшерде болады  екен. Оған қоса, кейбірі әдейі тест тапсырарға екі сағат бұрын ауызын шайып келуі мүмкін. Ондайда тест ағзада вирустың барын анықтай алмайды.