Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті
Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті
©Сурет интернеттен алынды
651
оқылды
 Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселенің бірі. Бүгінгі күнге дейін бұл кесел түбегейлі жойылған жоқ. Transparency International үкіметтік емес ұйымы жыл сайынғы зерттеуінің нәтижесін жариялады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу қажеттігін түсініп, атсалысатын ел ретінде 180 мемлекеттің ішінде 113 орынға иелендік. Бұл – былтырғы жылдың көрсеткіші. Ал өткен жылмен салыстырғанда, үш пайызға өскен екен. Осы күні  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертіпен жиі күресуде. Transparency Kazakhstan қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Шиянның айтуынша, былтырға жылдың жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша Қазақстанның үш облысы парақорлықпен жиі кіркелген екен.  Ол – Қызылорда, Атырау, Алматы облыстары. Зерттеу үш республикалық маңызы бар қалада, 14 облыс орталығында, 163 ауданда өткізілді. Сауалнамаға жалпы 9 мың адам: 7 мыңнан астам тұрғын мен 2 мың жуық кәсіпкер қатысқан. «Параның орташа көлемі қарапайым тұрғындар арасында – 30 және 55 мың теңге. Сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 70%-і ақшаға келісетінін айтты. Ал қалғаны пара ретінде кәмпит, гүл және сувенирлер берген. Тұрғындар арасында параның төменгі құны 500 теңгеден басталып, 500 мың теңгеге дейін жеткен. Кәсіпкерлер арасында параның орташа көлемі – 70 мың теңге. Мұнда да олар 70% жағдай мәселені тезірек шешу үшін ақша берген. Қалған жағдайда сыйлық емес, басқа қызмет түрін көрсеткен. Бизнесмендер көп жағдайда параны құжат рәсімдеу үшін беріпті» дейді ол. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер етеді. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы заңсыз әрекеттер мен азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Сондықтан дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеуіміз керек. Ол үшін «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бәріміз бірге күресуіміз тиіс. Сонда ғана ел мүддесіне үлес қосып, халықтың сенімін ақтай аламыз. «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың»  делінген Елбасы жолдауында. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуы тиіс.  

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Алматы қаласы Әділет департаментінің филиалы

Мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындау бойынша

аумақтық бөлімнің бас маманы Мадина КЕРІМБЕК