Шымкентке тек қана таңнан кешке дейін жұмыс істейтін 50 дәрігер, 75 медбике керек
Шымкентке тек қана таңнан кешке дейін жұмыс істейтін 50 дәрігер, 75 медбике керек
Фото: Интернеттен алынды
173
оқылды
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, спорт кешенінен қосымша ашылған күндізгі стационар 450 орынға арналған. Орталықта ЖРВИ және пневмония жұқтырған науқастар ем қабылдайтын болады. Мұндағы кереуеттер университеттің жатақханасы мен демеушілер есебінен жеткізілген. 1 шілдеде ашылатын орталыққа күндізгі стационарға 50 дәрігер, 75 мейірбике, 20 санитар қызметкері қажет болады. Спорт кешеніндегі жұмысты үйлестіруге қаладағы №5 емхана ұжымы жұмылдырылады. Стационар таңғы 8-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, тұрғындарға көмектесетін iKomek орталығы ашылды. Жедел желіде күндіз-түні тұрғындардың қоңырауларына жауап беріледі. 109 нөміріне қоңырау шалғандар қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сауалдарына жылдам жауап ала алады. Орталық тәулігіне 3000 қоңырау қабылдай алады. Қажет болған жағдайда 5000 азаматқа дейін қызмет көрсете алады. Ол үшін 26 қызметкер тәулік бойына жұмыс жасауда. iKomek орталығы барлық емханалармен ыңғайластырылып ақпараттандырылған. Сонымен қатар iKomek орталығының 87777109109 ватсап нөмірі де тұрғындар үшін тәулік бойына қызмет етеді.