«Адам тұруға болмайды» – Нұр-Сұлтанның іргесіндегі жаңа тұрғын үй кешені кәріз суына батып отыр
«Адам тұруға болмайды» – Нұр-Сұлтанның іргесіндегі жаңа тұрғын үй кешені кәріз суына батып отыр
Фото: Интернеттен алынды
5,170
оқылды
Қолқаны қапқан иіс пен судан 17 пәтер зардап шеккен, – деп хабарлайды КТК. Қосшы ауылындағы «Академия» тұрғын үй кешені тұрғындарының екі күннен бері мазасы қашқан. Пәтер іші толған су, иісі сасып, нәжістен мүңкіп тұр. Кәріз суына 20 шақты үй батқан. Тұрғындардың айтуынша, тізеге жеткен судан бүкіл дүние-мүлік  бүлінген. Коммуналдық қызмет көрсетушілер проблеманы шешуден басын алып қашып отыр. Ал «Целиноград су арнасы» тұрғындар пәтерлерінде заңсыз тұрып жатыр дейді.
«Целиноград су арнасы» мекемесінің филиал директоры Елена Мұхамеджанова: «Көпқабатты үйдің астыңғы қабатында адам тұруға болмайды. Тіпті ол коммерциялық  мақсаттағы кеңсе болса да, сатып алған кезде міндетті түрде иелеріне «бөлмелерді су баспайтындай қорғаныс болатын кері клапандар қойылуы қажет» деп түсіндіру керек еді. Осындай форс-мажорлық жағдайдың алдын алатын едік», – дейді.
Анығы, құрылыс компаниясы көпқабатты үйді әлі құжат жүзінде пайдалануға бермепті. Сол себепті, кәріз суына батқан үйдің мәселесі толық шешілмей отыр.