«Қайсардың» 10 ойыншысының тапсырған талдауы коронавирус бар екенін анықтады. Егер «Байқоңыр» жастар командасындағы инфекцияға шалдыққандарды қоссақ, жалпы сырқаттанғандар саны 25-ке жетеді. Мен және бапкерлер штабы өкілдері, сонымен қатар Болгариядан келген Александар Колевтің вирусқа тапсырған талдауы теріс нәтиже көрсетті», – деп атап өтті Младенов. Командадағы жағдай осындай болғасын, бірінші кезекте Қазақстан чемпионаты еске түседі. Чемпионат 1 шілдеде басталады. «Қайсар» клубы 1 шілдеде «Таразға» қарсы матч өткізуі керек. Бапкер осы турасында тек шешім күтіп отырғандарын атап өтті. Бас жаттықтырушы 1 шілдеге жоспарланған ойын тағдыры туралы білмейді. Клуб жаттығу жұмысын тоқтатқан. Тек жоғары жақтан шешім күтіп отыр.
Айбике ЖАНАСЫЛ