30 жаңа ойын алаңы салынады
30 жаңа ойын алаңы салынады
 Осы орайда Qutty meken партиялық жо­­басы аясында «2020-2021 жылдарға арнал­ған Жұ­мыспен қамту жол кар­тасы» инфрақұрылымдық жоба­ларын іске асыру мақ­сатында құрылған мони­торингтік топ қала бойынша көпқабатты үйлердің аула­ла­рында салынатын 30 жаңа ойын алаңдарының құры­лыс жұмысымен танысты. Бекітілген сызбаларға сәйкес, 1 ойын алаңы 3 жиынтықтан тұратыны белгілі болды. Олар: футбол ойын алаңы, спорттық тренажер, балалар ойын алаңы. Бүгінде мердігер мекемелер тарапынан («СК Сапа kz» ЖШС, «Асанас-дар» ЖШС) 30 ойын алаңдарының 21-де құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 9 алаңның жер учаскелері әлі де дайындалуда. Аталған мәселені ескере отырып, мониторингтік топ та­рапынан алдағы уақытта 9 алаң құрылысын бастау үшін жер учаскелерін дайындау бойынша тиісті жұмыстарды тез арада аяқтау жөнінде ұсыныстар берілді. Жалпы, 30 ойын алаңын салу үшін республикалық бюд­жеттен 525 миллион теңге бөлінген. Ал нысан құрылыстары 2020 жылдың 31-тамызына дейін аяқталады деп жоспарланған. Бюджеттен бөлінген қара­жаттың мақсатты жұмсалуы, ойын алаңдарының сапасы және құрылыс жұмыстарының мерзімінде аяқталуы партия филиалының бақылауына алынды. Сондықтан алдағы күндері ойын алаңдарының толық іске қосылуына дейін тиісті мониторинг жұмыстары жүргізіледі.  

А.ЖАСАНҰЛЫ