«Қайсардың» 25 футболшысы коронавирусқа шалдықпаған
«Қайсардың» 25 футболшысы коронавирусқа шалдықпаған
Фото: Интернеттен алынды
148
оқылды
«1 шілдеде футболдан ел біріншілігі жалғасады. Сондықтан талапқа сәйкес, «Қайсар» футбол клубы өткен сәрсенбіде тест тапсырған болатын. Тест нәтижесімен кейбір футболшылардан оң нәтиже анықталды. Бүгін команда екінші мәрте қайта сынамадан өтті. Тест нәтижесі барлығында да теріс нәтижені көрсетті. Футболшылардың денсаулығы қалыпты жағдайда. Ойыншылар алдағы кездесуге дайындығын жүргізуде», – деп мәлімдеді.
«Қазақпараттың» жазуынша, бұған дейін «Қайсар» футбол клубының бас жаттықтырушысы Стойчо Младенов команданың 25 ойыншысы коронавируске шалдыққанын айтқан болатын. Айта кетейік, 1 шілдеде ел біріншілігі жалғасады. Бұл турда «Қайсар» өз алаңында «Тараз» командасын қабылдайды. Сондай-ақ аталған турда «Тобыл» мен «Каспий», «Қызылжар» мен «Оқжетпес», «Қайрат» пен «Жетісу», «Ордабасы» мен «Шахтер» командалары кездеседі.