«Мұзбалақ» – жүлдегер
«Мұзбалақ»  –   жүлдегер
262
оқылды

Режиссер Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының «Мұзбалақ» анимациялық фильмі Ресейдің Ярослав қаласында өткен халықаралық кинофестивальде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Картина Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

«Мұзбалақ» анимациялық фильмі қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшы­лық өнері және адам мен бүр­кіт арасындағы достық туралы баяндайды.

– Бұл – біздің еңбегіміздің же­місі. «Мұзбалақ» фильмін ха­лықа­ралық қазылар алқасы жоғары бағалағаны қуантады. Халықаралық анимациялық кинофестивальдерді әлі де таңғалдыратын боламыз», – деді «Қазақфильм» АҚ ани­ма­ция­лық бірлестігінің жетек­ші­сі Адай Әбілдинов.

«Отбасымен бірге» кино­фес­тивалі дәстүрлі түрде отба­сы­лық және балаларға арнал­ған үздік фильмдерді ұсынады. Кинофестивальдің басты мақ­саты – отбасы, мейірім­ді­лік, махаббат, адамгершілікке тәрбиелейтін фильмдерді көпшілікке таныту. Әр жыл сайын фестиваль ұйымдас­ты­ру­­шылары жаңа қалаларды таңдап, ерекше конкурстық және ойын-сауық бағдар­ла­ма­ларын дайындайды. Қазы­лар алқасына ресейлік және шет­елдік киноөнер майтал­ман­­дары шақырылады.

Айта кететін жайт, «Мұз­ба­лақ» былтыр Қазақстан Кине­ма­то­гра­фистері одағы­ның «Құла­гер» жүлдесінде «Үздік ани­ма­ция­лық фильм» но­ми­на­ция­сы бойынша жеңім­паз атан­ған. Сонымен қатар XVII «Алау рухы» ха­лықа­­ралық кине­матогра­фия­лық дебют­тер­ кинофестивалі­нің балалар және жасөспірім­дер фильм­дері конкурстық бағдарлама­сы­на қатысқан. Картина был­тыр күзде қазақ­стандық про­кат­т­а болды.


Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ