Қызылордада шектеу күшейді
Қызылордада шектеу күшейді
98
оқылды
Өкінішке қарай, КВИ жұқ­тырған 2 адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бүгінгі күнде COVID-19 ин­фекциясының нақтыланған жағ­дайларының өсуі 7 пайыздан асатын деңгейде тіркелуіне байла­нысты қала аумағында шектеу және карантиндік шараларды күшейту мақсатында Қызылорда қаласы бас санитарлық дәрігерінің 7-ші қаулысы қабылданды. Соған сәйкес, Қызылорда қаласы әкімдігі, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы ор­гандар төмендегілерді қамта­масыз етуі тиіс. Осыған орай, қала аумағындағы халық көп шоғырланатын қоғамдық орын­дардың (қала аумағындағы де­малыс парктері, аллеялар, су­бұрқақтар, жағалаулар мен жағажайлар, аквапарктер және тағы басқа серуендеу орындары) қызметін дүйсенбі – сенбі күн­дері аралығында 22.00-ден кейін шектеу, жексенбі күндері қызметін тоқтатып, аталмыш орындарда тұрғындардың болуы­на тыйым салынбақ. Сондай-ақ жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеуді, бұл ретте жолаушылар саны көліктегі орындықтар санынан аспауы тиіс; мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер жә­не т.б.) қызметін тоқтату; әр сенбі және жексенбі күндері барлық қоғамдық тамақтану орындарының қызметін тоқтата тұруды, олардың жұмысын «клиенттерге дейін жеткізу» принципімен сағат 11.00-ден 22.00-ге дейін шектеу;  штаттық режимде жұмыс істейтін дәрі­ханалар, азық-түлік, ауыл шаруа­шылық нысандарын қоспағанда, әр жексенбі күні демалыс парк­тері мен аквапарктер, барлық сауда үйлері мен базарларында, бөлек тұрған сауда нысандарында дезинфекциялық шараларды жүргізе отырып, «санитариялық күнге» жабу, 00.00 сағат 2020 жылғы 27 маусымнан бастап 00.00 сағат 6 шілдеге дейін бильярд, букмекерлік және лото, мото-кеңселердің, футкордтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), ойын-сауық орталықтары, ба­лалардың ойын алаңдары, компьютер клубтары, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар) қызметін тоқтата тұру сияқты шектеулер қойылған. Әуежай, теміржол және автовокзалдардың басшылары қала аумағындағы теміржол, автовокзалдары, әуежай, аудан және қалааралық бағыттағы қатынас құралдарының бекет­терінде шығарып салушы және күтіп алушы тұрғындарды шектеп отыр. Қызылорда қаласы әкімдігі КВИ профилактикасын және Қызылорда қаласында шектеу шараларын сақтау бойынша интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде жадынамалар, хабар­ландырулар тарату, инфографика, видеороликтер, жүгіртпе жолдары арқылы жаппай түсіндірме жұ­мыстарын жүргізбек.  

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы