Ата-аналар баласын қашықтан оқытып қиналмау үшін 1-сыныптан бастап «Цифрлық сауат» пәні оқытылатын болды
Ата-аналар баласын қашықтан оқытып қиналмау үшін 1-сыныптан бастап «Цифрлық сауат» пәні оқытылатын болды
Фото: Интернеттен алынды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Цифрлық білім» жобасын таныстырды.
Үкімет отырысында  министр: «Орта білім беруде 2013 жылға дейін ақпараттық техологиялар пәні 7-сыныптан басталып, ескірген мазмұннан тұрды. Одан кейін 5-сыныпқа түсірілді. Бірақ осы бағдарламаларда көбіне компьютер пайдалану, кеңселік қосымшаларды игеру сияқты қарапайым дағдылар бердік те, осы бағдарлама жаңартуды талап еткен болатын. Сондықтан енді 2021 жылдан бастап «Цифрлық сауат» пәні 1-сыныптан бастап енеді. Балалар алгоритмді, ақпараттық гигиена мен қауіпсіздікті, Scratch кодтау тілін үйренеді. STEM, 3Д-принтинг, робототехника негіздерін игереді», – деді.
Министрдің айтуынша, сонымен қатар IOS, Android операция жүйелерін және Python, С++ сияқты программалау тілдерін үйренеді. «Ол үшін елімізде облыс орталықтарында жаңадан 25 арнаулы IT-лицей ашылды. 447 STEM зертханасы мен 2 мыңға жуық робот техникасы кабинеті ұйымдастырылып отыр», – деді Асхат Аймағамбетов.