Оқу-жаттығу жиындары уақытша тоқтатылды
Оқу-жаттығу жиындары уақытша тоқтатылды
243
оқылды
1 шілдеден бастап барлық құрама командалардың оқу-жат­тығу жиындары белгісіз мерзімге тоқтатылады. Мұндай шешім Қа­зақстанда коронавирус індеті­нің өршуіне және көптеген ірі халықаралық жарыстың кейінге шегерілуіне байланысты қабыл­данды. Сонымен бірге қазіргі таң­да жаттығу жиындарын өткі­зіп жатқан командалардың ал­дағы жоспарлаған жиындары кейінге шегерілді. – Мұндай шешім қазіргі таңда жағдайдың ушығуына бай­ла­нысты қабылданды. Осыған қа­рамастан бірнеше құрама коман­далар жаттығу жиындарын ойда­ғыдай өткізіп үлгерді. Ал кейбір команда барлық қатаң талапты сақтай отырып, спорт нысанда­рында жаттығуды жал­ғастыруда. Спортшылардың ден­саулығы бірінші орында болғандықтан, жағдайды еске­ріп, жаттығу жиындарын тоқтат­қанды жөн санадық. Бұдан ке­йінгі жоспар­ланған жиындарды белгісіз уа­қытқа кейінге шегеріп, спортшы­ларды оқушаулағанды дұрыс деп санаймыз, – деді же­дел штабтың жетекшісі, спорт дирекциясының директоры Ел­сияр Қанағатов. Айта кетейік, 1-29 маусым аралығында 12 спорттық нысанда 26 оқу-жаттығу жиындары өтті. Оған барлығы 22 ұлттық құрама командалары қатысқан болатын. Жиынның алдында спортшылар  COVID-19 үшін міндетті тестті тапсырды. Мамандандырылған спорттық базаларда Қазақ­стан­ның мемлекеттік бас санитар дә­­рігерінің 10.05.2020 жылы шы­ғарылған №36 спорттық нысан­дар, базалар және залдардың жұ­мыс істеу алгоритмі, «Қазақ­стан Республикасы тұрғындары арасында коронавирус инфек­циясының алдын алуға байла­ныс­ты іс-шараларды әрі қарай қаталдату» туралы қаулысына сай санитарлық-дезинфекциялы режимді сақтаумен оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды. Жаттығу барысында қауіптің алдын алу мақсатында ҰОК спорт нысандарын әзірлеп, та­лапқа сай оқшаулады.  

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ