«Томириске» сұраныс жоғары
«Томириске» сұраныс жоғары
182
оқылды
Келісімдердің нәтижесінде отандық фильмді көрсету құқы­ғын Италия үшін Blue Swan, Фран­ция үшін SND Films, Ис­паниядан Art Mood, Жапониядан AT Entertainment, Таяу Шығыс­тан Gulf Film, Оңтүстік Корея­дан Challan, ТМД елдері үшін Paradise/MGN, Сингапурдан Shaw, Румыниядан Program 4 Media және Түркия үшін Siyah Bayez Movies компаниялары көрсету құқығын сатып алған. Осы айда Arclight компаниясы «Томиристі» АҚШ-та көрсету құқығы Well Go USA компаниясы сатып алғаны туралы хабарлаған болатын. Еске салсақ, кинотуын­ды біз­дің заманымызға дейінгі VI ға­сыр­да болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан ай­бынды жауынгерге айналған, жа­­­қындарынан айырылып, сат­қын­дардан өшін алған және сақ тай­па­ларын өз билігі астында бі­рік­тір­ген ұлы даланың аты аңыз­ға ай­налған Томирис пат­шайы­мы­ның тағдыры баянда­лады. Фильм Мә­дениет және спорт министр­лігінің тапсыры­сымен «Қазақ­фильм» ки­но­сту­диясында Satai­film ком­па­ния­сының қаты­суымен түсірілген.  

Ж.НҰРЛАН