Алматы мен Нұр-Сұлтан тағы да карантинге жабыла ма? – Үкіметтің ресми жауабы
Алматы мен Нұр-Сұлтан тағы да карантинге жабыла ма? – Үкіметтің ресми жауабы
Фото: Интернеттен алынды
110
оқылды
Осыған байланысты Үкіметтің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. Хабарламада «коронавирус инфекциясының таралмауы бойынша ведомствоаралық комиссия карантин режимін күшейту туралы шешім шығарды» делінген.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұзда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, дүкендер желісі жабылады дегендей ақпарат болған. Сондай-ақ қоғамдық көлік тоқтап, парктер мен саябақтар жабылатыны жазылған. Қалаларға кіріп-шығуға тыйым салынатыны туралы айтылған.
«Желіде ведомствоаралық комиссия бекітті деген қосымша шектеу шаралары туралы хабарлама тарап жатыр. Мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат – жалған.  Шындыққа жанаспайды. Ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз», – дейді Үкіметтің баспасөз қызметінің өкілі.