Дәрілерді мөлшерден тыс және дәрігердің тағайындауынсыз қабылдау қауіпті
Дәрілерді мөлшерден тыс және дәрігердің тағайындауынсыз қабылдау қауіпті
157
оқылды
Бұл туралы Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев мәлімдеді. Қазіргі таңда әлеуметтік желіде індеттен емдейтін немесе оның алдын алатын түрлі дәрі-дәрмектің тізімі тарап жүр. Осыған байланысты, тұрғындар дәріханалардағы барлық антибиотиктер мен дәрілерді жаппай сатып алуда. Бұл орайда Ринат Кубатаев облыс тұрғындарын қандай да бір дәрілік препарат алар алдында міндетті түрде арнайы маманның алдынан өтіп, одан рецепт алуға шақырады.
«Антибиотиктерді жайдан-жай қолдану өте қауіпті. Өйткені, адам ағзасы бұл антибиотикті қабылдай ма, жоқ па белгісіз. Ал рецептісіз ішілген дәрілік препараттар кері реакция берсе, оның арты қиын болмақ», - деді спикер.

Жазира Қуанышбекқызы