Фармацевтер дәріханада қажетті дәрі-дәрмек болмаса, оның аналогын ұсынуы керек
Фармацевтер дәріханада қажетті дәрі-дәрмек болмаса, оның аналогын ұсынуы керек
201
оқылды
Бұл туралы Маңығсытау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев мәлімдеді. Дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың ұлттық сараптама орталығы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 26 маусымына дейін 105 дәрілік затқа,  яғни 27 млн 162 мың 850 қаптама, оның ішінде: 39 яғни 1 млн  396 мың 422 қаптама – қызу түсіретін дәрілік заттар; 46 яғни 11 млн 985 мың 162 қаптама - антибиотиктер (цефтриаксон және азитромицин); 20 яғни 1 млн  215 мың 266 дана қаптама – вирусқа қарсы дәрілік заттарына сәйкестік сертификатын берді. Құрамында парацетамол бар халықаралық патенттелмеген 86 атауы (ХПА) - парацетамол) дәрілік заттың әртүрлі түрлері кездеседі: таблеткалар, суспензиялар, суппозиторийлер, ішілетін ерітінділерді дайындауға арналған ұнтақтар. Маңғыстау облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті фармацевтикалық дистрибьюторлармен: АФ "Медсервис-Плюс" ЖШС, "Эмити" ЖШС, "Инкар" ЖШС вирусқа қарсы, қызу түсіретін дәрілік заттар мен антибиотиктерді жедел жеткізу және қажетті көлемде қор құру қажеттілігі туралы келіссөздер жүргізді. Болжам бойынша, келесі аптаның соңында қаладағы дәріханаларға қызу түсіретін және вирусқа қарсы дәрілік заттар жеткізіледі. Олар температураның жоғарылауын тудыратын заттардың синтезін тежейді және қабынуға қарсы, анальгетиктер мен ыстықты төмендететін әсерге ие. Қызу түсіретін дәрілік заттар тобындағы барлық дәрілер, соның ішінде парацетамол бірдей әсер ету механизмімен сипатталады. Олар температураның жоғарылауын тудыратын заттардың синтезін тежейді және қабынуға қарсы, анальгетиктер мен ыстықты төмендететін әсерге ие. Қаланың дәріханаларында бірін-бірі алмастыратын келесі дәрілік заттар бар: Антигриппин П, Цинепар, Антифлу, ТайлолФенхот, Эффералган, Панадол, Максигриппин, Фервекс, Аскофен, НолГрипп, Гриппостад, Терафлю, Ринза, Грипго, Орвиколд, Ибуфен, Нурофен,Упсарин, Гриппофлю және басқалар. Сонымен қатар, қызу түсіретін, қабынуға қарсы және анальгезиялық дәрілік заттар тек таблетка түрінде ғана емес, шәрбаттар, ыстық сусындар жасауға арналған ұнтақтар, суспензиялар, суппозиторийлер түрінде де болуы мүмкін.

Жазира Қуанышбекқызы