Қазақстанда қазіргі таңда аты-жөні Абай Құнанбайұлы деп жазылатын 31 адам тұрады, оның ішінде аты мен тегі 3 адам, ал әкесінің аты Абай Құанбайұлы деп көрсетілген 28 адам бар. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлады. Ведомство мәліметінше, ең көбі Түркістан облысында – 10 адам, ал Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында – 3 адамнан тұрады.