Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Учаскелік дәрігерге үйде тегін қаралуға болады

Дәрігер кеңесін онлайн режимде алуға арналған iDoctor.kz платформасы іске қосылды.

Рая Мінап
Маусым 30, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
Учаскелік дәрігерге үйде тегін қаралуға болады
34
қаралым

Денсаулық сақтау министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі дәрігер кеңесін онлайн режимде алуға арналған iDoctor.kz платформасын іске қосты, -деп хабарлады inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев бұл сервисте тек дәрігер біліктілігін алған мамандар ғана қызмет көрсететінін айтты.

«Жаңа iDoctor.kz медициналық қызметіне келер болсақ, сервисті жасау үшін көп еңбек еттік. Әсіресе, азаматтардың жеке басына қатысты деректерді қорғау өте маңызды болды. Сондай-ақ, бұл қызметке тек сертификаты бар, дәрігер біліктілігін алған мамандар ғана қатысады. Жаңа қызмет арқылы участкелік дәрігер бейне қоңырау шалып, пациентін қарауға мүмкіндік алады», – дей отырып, вице-министр науқас туралы мәліметтер деректер базасында сақталып, ал видео жазба жойылатынын айтып өтті.

Олжас Әбішев онлайн кеңес алу үшін кезекке тұру қалай жүргізілетінін түсіндіре кетті.

Сәбиді өлімге қиған дәрігерлер

Босанғаннан кейінгі депрессия

Кеңестің жұмысын қорытындылады

  «Тегін дәрігер кеңесін алу кезекке тұру арқылы күнделікті жүзеге асады. Әр дәрігердің қабылдауына шектеу қойылады. Мысалы, дәрігер бір күнде 100 адам қабылдайтын болса, кезекке сыймаған адамға ертеңгі күнге жазылу ұсынылады. Науқасты дәрігер міндетті түрде қарайды. Ал ақылы түрде берілетін кеңесте кезек аз болып, пациент ақы төлеп қаралғысы келсе – таңдау құқы өзінде», – деді ол. Вице-министр Әбішевтің айтуынша, iDoctor.kz қызметі қазір Алматыдағы №4, Нұр-Сұлтандағы №10 және Шымкенттегі №5 қалалық ауруханада пилоттық режимде жұмыс істеуде. Ал республикадағы барлық емхана осы жүйеге екі аптадан кейін қосылмақ. «Қазіргі уақытта қызмет үш ауруханада сынақтан өтіп жатыр. Екі апта ішінде еліміздегі емханаларды 100% қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Қазір емханаларда 85 мыңға жуық дәрігер жұмыс істейді. Қарантин салдарынан қазір оның 30%-ы үйінде оқшауланды. Сол дәрігерлер жұмысын жалғастыра алады. Сол себепті, iDoctor.kz және басқа да бағдарламалар арқылы азаматтарға көмек бергіміз келеді», –  деп түсіндірді ол.

iDoctor.kz басшысы Давранбек Ташбаевтың сөзінше, тегін онлайн-кеңес алу үшін азаматтар міндетті түрде ТМККК аясында жұмыс істейтін мемлекеттік медициналық мекемеге тіркелген болуы керек.

iDoctor.kz компаниясының түсіндіруінше, тегін онлайн-кеңес алу үшін:

1. iDoctor.kz сайтында «Онлайн кеңес беру» бөліміне өту керек;

2. «Тегін кеңес беру» таңдау қажет;

3. ЖСН, телефон нөмірін және электрондық поштаны енгізіп, Қазақстан Республикасының азаматы екеніңізді және онлайн режимінде ақысыз кеңес алуға құқығыңыз бар екенін растау керек.

4. Берілген тізімнен қажетті дәрігерді таңдайсыз;

5. Қабылдауға жазылымды растап, кезекке тұрасыз;\

6. Дәрігер кеңес беруге дайын болған кезде, пайдаланушыға SMS-хабарлама және онлайн-кеңеске сілтемесі бар электронды хат поштаға жіберіледі;

7. Консультациядан кейін маманның сапасын бағалап, ол туралы пікір қалдыруға болады.

Айта кетсек, iDoctor.kz – ChocoFamily ІТ-холдингінің құрамына кіреді әрі медиицина саласындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған бірегей іскерлік жоба. Президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Бағдат Мусиннің сөзінше, ChocoFamily компаниясы бұл жобаны жасауға бюджеттен қаражат алмаған.

 
Тегтер: дәрігеркезеккеңесконсультациякөмек
Алдыңғы жаңалық

Үш жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады

Келесі жаңалық

Қазақстанда мәдени-ағартушылық бағыттағы жаңа телеарна ашылды

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев 8 адамды қызметінен босатты
Жаңалықтар

«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында бірқатар тағайындау болды

Қаңтар 21, 2021
Шахтаға түскен әкім шахтерларды таңғалдырды
Жаңалықтар

Шахтаға түскен әкім шахтерларды таңғалдырды

Қаңтар 21, 2021
Мәскеуде қазақстандық кейуананы бауыздап тастаған
Жаңалықтар

Мәскеуде қазақстандық кейуананы бауыздап тастаған

Қаңтар 21, 2021
Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ
Жаңалықтар

Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында бірқатар тағайындау болды

Қаңтар 21, 16:45

Шахтаға түскен әкім шахтерларды таңғалдырды

Қаңтар 21, 16:34

Мәскеуде қазақстандық кейуананы бауыздап тастаған

Қаңтар 21, 16:29

Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Қаңтар 21, 16:08

Атырау мен Түркістанның арасында ұшақ қатынайтын болды

Қаңтар 21, 15:41

Halyk Bank біржолғы зейнетақы төлемі бойынша уәкілетті оператор болып бекітілді

Қаңтар 21, 15:33

ҰБТ-2021: 27 адам шығарылып, тест нәтижелері жойылды

Қаңтар 21, 15:21
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Тоқаев 8 адамды қызметінен босатты

«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында бірқатар тағайындау болды

Қаңтар 21, 2021
Шахтаға түскен әкім шахтерларды таңғалдырды

Шахтаға түскен әкім шахтерларды таңғалдырды

Қаңтар 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»