Елдос Сметов әлемнің үздік 5 дзюдошысының қатарына кірді
Елдос Сметов әлемнің үздік 5 дзюдошысының қатарына кірді
149
оқылды

Гран-При бәсекесінде Елдос Сметов қарсыластарының барлығын жеңді

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған рейтингінде бір позицияға жоғары көтеріліп, үздік бес мықтының қатарына кірді.

Венгрия астанасы Будапеште өткен Гран-Придің әлемдік кезеңінен кейін қазақстандық спортшының деңгейі жоғарылаған. Аталған Гран-При бәсекесінде Елдос Сметов қарсыластарының барлығын жеңіп, алтын медаль жеңіп алған болатын. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Сметов финалда моңғолиялық Бодбаатар Ганбатаны иппон әдісімен жеңді.

Моңғол спортшысы 2014 жылы әлем чемпионатын жеңіп алған еді. Осылайша, Елдос Сметов үздік бестікті түйіндеп тұрған моңғолиялық Амартувшин Дашдавааны кейінге ысырып, бестіктің қатарына ілінді.

Рейтингті ресейлік Роберт Мшвиодобадзе бастап тұр. Одан кейін жапон спортшысы Такато Наохиша орналасқан. Үздік үштікті грузиялық Амиран Папинашвили түйіндейді. Төртінші сатыда – тағы бір жапониялық Руижу Нагаяма.