Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Иран Республикалары арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Заңға қол қойды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - делінген хабарламада.