Бір уақытта Шымкент әкімінің төрт орынбасары ауырып қалды
Бір уақытта Шымкент әкімінің төрт орынбасары ауырып қалды
©Сурет интернеттен алынды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов бір уақытта төрт орынбасарынан айырылды. Бұл ақпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметінде расталды. Олардың жұмыс істеуге шамасы жоқ. Қазір олар ауруханада емделуде. Қазіргі уақытта жұмыс істейтін Шымкент әкімінің бір ғана орынбасары қалды.
Естеріңізге салсақ, Шымкент қаласының басшысы жақында ғана оқшауланудан шыққан болатын. Ол кезде Айтеновтің коронавирусқа тесті теріс нәтиже көрсеткен еді.