Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау бағытындағы пойыздар тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау бағытындағы пойыздар тоқтатылады
©сурет интернеттен алынды
128
оқылды
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ» хабарлады. Айтар болсақ, мына бағыттар бойынша жұмыс тоқтатылады:
1 шілдеде Нұр-Сұлтаннан, 2 шілдеде Атыраудан шығатын №19/20 Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Атырау бағыты; 2 шілдеде Нұр-Сұлтаннан, 3 шілдеде Оралдан шығатын №95/96 Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Орал бағыты; 1 шілдеде Алматы-2-ден, 2 шілдеде елордадан шығатын №701/702 Алматы-2 – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол бағыты.
Бұған дейін осы пойыздарға билет алған жолаушылар олардың толық құнын қайтарып ала алады. Жолаушылар пойыз қозғалыстарының кестесін, орын бар-жоғын және жол жүру құны туралы өзекті ақпаратты 105 анықтама қызметіне қоңырау шалып біле алады (қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін, ал ұялы телефоннан минутына 112 теңге).