Екібасты сәби дүниеге келді
Екібасты сәби дүниеге келді
©Сурет интернеттен алынды
27 маусымда кесар тілігі арқылы Самарқандта дицефалді типтегі сиам егіздері дүниеге келді.  Бұл - сиам егіздерінің сирек кездесетін түріне жатады. [caption id="attachment_54603" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Олардың салмағы - 4600 грамм, бойы - 48 сантиметр. Артықшылығы - бір денеде  екі бас. Алайда сәбидің бүкіл ағзасы бір балаға арналған. Қазір нәресте жансақтау бөлімінде жатыр.
«Бұл ауру әлемде өте сирек кездеседі. Екі жүз жағдайдың бірінде ғана болады Мұндай балалар ұзақ өмір сүреді. Тіпті 30-50 жасқа дейін. Бірақ біздің жағдай қиын, олардың денесі бір адамдікіндей болып кеткен. Сол себепті кешенді анализдер жүргізуді жоспарлап отырмыз. Қазір баланың жалпы жағдайы жаман емес, оны емдеу шаралары жүргізілуде. Оның тамақтануы, қан айналымы қалыпты. Тек оттегі тапшылығы байқалады», - деді Самарқант облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігердің орынбасары Дильшод Рахмонов.
Дәрігерлердің айтуынша, ұрықтың ақауы жүктіліктің 21-ші аптасында анықталған. Алайда ата-ананың өтініші бойынша бала құрсақта қалдырылған.