Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, іс-шара Қазақстанның Румыниядағы елшілігі Қазақстан-Румын Іскерлік кеңесінің және Бухарест қаласы 1-сектор мэриясының қолдауымен өтті. Саябақтың ашылуы елорда күніне және Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтойына орайластырылған. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, Румынияның қоғамдық және іскерлік топтары, дипломатиялық корпус пен БАҚ өкілдері қатысты.
«Айтулы іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімдігі мен Бухарест қаласы 1-секторының мэриясы арасындағы өзара меморандум негізінде өтіп отыр» делінген ресми ақпаратта.Елші Нұрбах Рүстемов Елбасының қазақ еліне сіңірген еңбегі мен айрықша жеке қасиеттеріне ерекше назар аударып, Тұңғыш Президенттің арқасында еліміз халықаралық сахнада жоғары деңгейге қол жеткізгенін және қазіргі заманғы әлем тарихында лайықты орынға ие болғанын атап өтті.