Әйеліне жер алып берген шенеуніктер жерді мемлекет меншігіне қайтармай отыр
Әйеліне жер алып берген шенеуніктер жерді мемлекет меншігіне қайтармай отыр
Фото: Интернеттен алынды
117
оқылды
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының шенеуніктері әйелдеріне тиесілі шаруа қожалықтарға жер телімін алып берген, – деп хабарлайды AstanaTV. Телеарнаның мәліметінше, мұны облыстық прокуратура анықтап отыр. Заңсыздыққа жол берген шенеуніктер арасында аудан әкімінің орынбасары және жер қатынастары бөлімінің басшысы бар. Олар  «қызметіне лайық емес» деп танылып, сөгіс алды. Себебі, әйелдеріне жер таратқан атқамінерлер жер комиссиясы құрамында болған. Әкімнің орынбасары осылайша, 2400 гектар жерді иеленген. Шенеуніктер былығы дәлелденгенімен жер телімдері мемлекет меншігіне әлі қайтарылмады.   https://youtu.be/E4fmZ1IMl5w