Құрылыс нысандарын аралады
Құрылыс нысандарын аралады
203
оқылды
Топ мүшелері алдымен кенттің оңтүстік ба­тысында бой көтеріп жатқан тұрғын үй алаңын­да болды. Барлығы 4 қатарлы 48 пәтер­лік тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын ақ­тау­лық «ЕвроСтрой-А» ЖШС-і 2018 жылдан бас­тап жүргізуде. Кездесу барысында серік­тестік өкілі құрылыс жұмыстары туралы баян­да­ды. – Тапсырылған жұмысты уақытылы ат­қарып шығуды көздеп отырмыз. Құрылыс материалдары жеткілікті. Қажетті топырақ қос­­паларын осы жерден, ал тастарды Маң­ғыс­­тау облысына қарасты Жетібай жерінен та­­сымалдаудамыз. Дей тұрғанмен, бізді тол­ған­дыратын мәселе, әкелінген құрылыс ма­териалдарын ұрлау тыйылмай отыр. Сонымен қатар жұмысшы қолы өте аз. Аудандық жұ­мыс­пен қамту орталығына өзімізге қажетті ма­мандарға сұраныс жібергенімізбен, аза­маттар келген жоқ. Олар жұмысқа қабылданған жағ­дайда еңбекақылары да тиісті дәрежеде төленеді, құрылыс жұмыстары да қарқынды жүрер еді, – дейді серіктестік өкілі. Осыған орай, мердігер мекеме өкілі орын ал­ған олқылықты жою бағытында нақты шара­лар қабылданатынын жеткізді. Ал 5 қатарлы 80 пә­терлік тұрғын үйдің жұмысына жауапты аты­раулық «SMKA-4» ЖШС-нің өкілі Қадыр Қа­зыбаев құрылыс жұмыстарын са­палы әрі мер­зімінде аяқтауды көздеп отыр­ғанын айтты. Ол сонымен қатар қажетті құры­лыс материал­дары уақытылы келіп отырғанын тілге тиек етті. kyrilis nisani1 Құрылыс жұмыстарын тексерген аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Гүлшара Қабиева, «Nur Otan» партиясы Индер аудан­дық филиалының Партиялық бақылау комис­сиясының төрағасы, аудандық мәслихат де­пу­таты Әлия Қарашина және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топ­тың жетекшісі Жанай Амантурлин кездесу соңында аталған нысандарға тұрақты түрде бақылау жүргізілетінін жеткізді.  

Әбілмансұр ЖАСАН