3 кодекс пен 3 заңға өзгертулер енгізу ұсынылды
3 кодекс пен 3 заңға өзгертулер енгізу ұсынылды
177
оқылды
Мәжіліс депутаттары – «Nur Otan» фракциясының мү­шелері «Қа­зақстан Рес­пуб­ликасының кей­бір заңнамалық акті­леріне ба­ла­ның құқықта­рын қорғау мә­селелері бойын­ша өзгерістер мен толықтыру­лар енгізу туралы» Қазақстан Ре­с­публикасы заңының жо­басын дайындады. Заң жоба­сында 3 кодекске және 3 заңға өзгертулер енгізу ұсынылды. Құжаттарға енгізілген өз­ге­ріс­тер балалардың құқығын қор­ғайды. Баланы кемсітуге, атап айтқанда, отбасында, мек­тепке дейінгі білім беру ме­­кемелерінде ұрып-соғып жа­залауға жол бермейді. Жетім не­месе ата-ананың қамқор­лы­ғынсыз қалған балалардың бас­паналы болуына жағдай жа­сайды. Сондай-ақ жаңа та­лап­қа сәйкес, кәмелеттік жас­қа толмағандарды жазалаған­дарды әкімшілік жауапкер­ші­лікке тарту да қарастырылған. 14 жасқа дейінгі спортшы ба­ла­лармен халықаралық жа­рыс­­тарға қатысу үшін еңбек шар­тын жасасу және тағы бас­қа ұсыныстар енгізілді. Заң жобасында ата-ана­ларға қарапайым мінез-құлық ережелерінен бастап балалар­ды тәрбиелеу әдісіне дейінгі та­лаптар, соның ішінде зор­лық-зомбылық әрекеттері бар фильмдерге шектеу қою, ин­тер­нет-ресурстарды пайдалану бойын­ша ережелер де толық қам­тылған.  

А.ЖАСАНҰЛЫ