Оралда «Отбасы» орталығы ашылды
Оралда «Отбасы» орталығы ашылды
Осы орайда, азамат­тардың өз кәсібін ашуына жол көрсету, отба­сындағы мә­селелердің шешілуіне  қолдау көрсету, мемлекеттік бағ­дарламалардың тетіктері туралы кеңес беру мақ­сатында «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы»  жоба­сы аясында «Отбасы» орталығы ашылды. – Бұл орталықты ашу көптен бері жоспарда болған. Әрі оның қа­ланың ортасында орналасуы, тұрғындарға қолайлы ғимаратта болуы да қарастырылды. Сон­дық­­тан кеңсеміз қалалық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағ­дар­­ламалар бөлімі жанынан ашыл­ды. «Бір терезе» қағидасы бойын­ша құқықтық, психо­логиялық, әлеуметтік-педаго­ги­ка­лық, білім беру, бизнеске баулу ба­ғытында көмек көрсететін «Отбасы» орталығы барлық уа­қытта азаматтарды қабылдауға дайын. Әртүрлі мәселе бойынша кез келген уақытта орталыққа ха­бар­ласып, көмекке жүгіне ала­сыз, – дейді орталық қызметкер­лері. Орал қаласында алғаш рет ашылып отырған орталықта бірнеше салалық бөлімдер жұмыс істейді. Онда көпбалалы аналарға жеке ісін ашуға, арнайы маман­дардан қолөнерді, тігіншілік кә­сіпті үйренуге, басқа да шеберлік сыныптарын өткізуге, өздерін тол­ғандырған мәселелерге байла­нысты кеңес алуға барлық жағдай жасалған.  

А.ЖАСАНҰЛЫ