Түркия Нұр-Сұлтанға гуманитарлық көмек жіберді
Түркия Нұр-Сұлтанға гуманитарлық көмек жіберді
Фото: Интернеттен алынды
237
оқылды
Келген жүктің салмағы шамамен 1,5 тоннаға жуық. Онда 100 мың дана бір реттік маска, 2000 дана қорғаныс киімдері, 2000 дана бетперде, 2000 дана көзілдірік пен 2000 дана медициналық бахила бар. Көмекті еліміздің Түркиядағы елшілігінің ұйытқысымен KayaTurk Group компаниясы ұйымдастырды. Өнімдер Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 коронавирус пандемиясына қарсы алдыңғы шепте күресуші қызметкерлерге беріледі. Еске сала кетейік, Түркия бұған дейін де бірнеше рет гуманитарлық көмекпен қоса вирусқа қарсы арнайы препараттар жөнелткен болатын.