«Егемендікке қауіп төндіреді» – Үндістан Қытайдың 59 мобильді қосымшасын пайдаланбайтын болды
«Егемендікке қауіп төндіреді» – Үндістан Қытайдың 59 мобильді қосымшасын пайдаланбайтын болды
Фото: Интернеттен алынды
256
оқылды
Үндістан мен Қытай билігі Ладакх облысындағы әскерді шығару туралы келіссөздердің үшінші кезеңін бастады, – деп хабарлайды «Хабар 24». Телеарнаның хабарлауынша, кездесу Чушулде өтіп жатыр. Басқосуға Үндістан Қарулы Күштерінің генерал-лейтенанты және Қытай Халық-азаттық армиясының генералы Лю Лин қатысты. Қытай билігі Үндістан үкіметінің Қытайға тиесілі 59 мобильді қосымшаның жұмысын тоқтату туралы шешіміне алаңдаулы. Ал Үндістан олар елдің егемендігіне қауіп төндіреді деп есептейді.
ҚХР Сыртқы істер министрінің өкілі Чжао Лицзянь: «Біздің үкімет қытай компанияларының басқа елдермен ынтымақтастықта заңдар мен ережелерді сақтауды сұрайтындығын ерекше атап өткім келеді. Өз кезегінде Үндістан билігі шетелдік инвесторлардың, соның ішінде қытайлардың құқығын қорғауға жауапты», – деді.