Қазақ қызы Америкада бас бапкер болып тағайындалды

Қазақ қызы Америкада бас бапкер болып тағайындалды

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, Бұлбұл Қартанбаева бас бапкер қызметіне кіріскен.

«Қазақстандық Бұлбұл Қартанбаеваны құттықтаймыз. Бүгін ол Американың Нью-Джерси штатындағы Princeton Tiger Lilies хоккей клубының бас бапкері қызметіне кірісті», - деп жазды елшілік Instagram-дағы ресми парақшасында.
Бұлбұл Қартанбаева – NWHL әйелдер лигасының тарихындағы бірінші қазақстандық спортшы. Ол былтыр америкалық «Метрополитен Риветерс» клубымен келісімшартқа отырған болатын.   https://www.instagram.com/p/CB0jSOYpEJ0/?utm_source=ig_web_copy_link