Шындықты айтқан шымкенттік дәрігер жұмыссыз қалды – видео
Шындықты айтқан шымкенттік дәрігер жұмыссыз қалды – видео
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі оның жұмыстан босатылғанын хабарлады. Әкімдіктегілер дәрігердің нақты қандай себеппен енді жұмыс істемейтінін ашып айтпады, – деп жазады Tengrinews.kz. Айта кетейік, бұған дейін Арман Хамзин жедел жәрдем каретасын видеоға түсірген болатын. Онда дәрігер ауыр науқастардың көлікте жатқанын, алайда оларды медициналық мекемеге ешкімнің қабылдамай жатқанын айтқан еді. https://youtu.be/TvUI4Pbg9fc
Дәрігер Facebook-тағы парақшасында жарияланған бейнероликте: «Мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерімін, пневмониямен ауырған ауыр науқасты әкеле жатырмын. Бірде-бір стационар оны қабылдамайды, орын жоқ. Енді не істеу керек? Кеше біздің бригаданың машинасында екі адам қайтыс болды. Осыған назар аударыңыз. Мен енді басқа қайда бару керегін білмеймін?», – дейді.