Бәріне дайын болуымыз керек
Бәріне дайын болуымыз керек
140
оқылды
Атырау облыстық ауруханасы  400 орындық инфекциялық стационар болатын болды. Аурухананың  барлық бөлімі  басқа  ауруханаларға ауыстырылатын болды. Бұл туралы облыстық ауруханада өткен  пресс-тур барысында белгілі болды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бүгінде облыстық ауруханада 120 провизорлық орын, кардиоорталықта 70 провизорлық  кереует бар.  Сонымен қатар Геолог емханасында 100 провизорлық кереует дайындалуда. – Қалалық және қала маңындағы емханаларда 267 провизорлық орын ашу жоспарлануда. Мұнымен қоса біз облыстық ауруханадағы бөлімшелерді басқа медициналық мекемелерге өткізіп,  онда 400 орындық инфекциялық стационар  ашуды көз деп отырмыз, – деді Бақытгүл Хаменова. Бүгінде Атырау облысында пневмония  диагнозымен  321 науқас тіркелген. Оның 82,3 пайызы  медициналық мекемелерге жатқызылды. Қазір өзекті болып тұрған екі мәселе бар. Ол – дәрігерлердің жетіспеушілі және емдеу орындарының барлығына ИВЛ аппараттарын жеткілікті сатып алу.  

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы