Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ОКҚ брифингінде «Бүгіннен бастап дене қызуын түсіретін парацетамол таблеткалары келді. Ол қазірдің өзінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы, Қарағанды облысындағы дәріханаларда қолжетімді. Аптаның соңына дейін барлық өңірге жеткізіледі», – деді.Ол парацетамол болмаған жағдайда дене қызуын түсіру үшін оның орнына ибупрофен қолдануға болатынын айтты. Оның айтуынша, дәрілерді күніне 3-4 реттен артық қолдану зиян.