«Ауыратын уақыт жоқ» – Жандарбек Бекшин коронавирусқа шалдықса да, жұмыс істеп жатыр
«Ауыратын уақыт жоқ» – Жандарбек Бекшин коронавирусқа шалдықса да, жұмыс істеп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
139
оқылды
«Ауырып қалдым, жағдайым дұрыс, симптомдар байқалмайды. Бұл COVID-19, бірақ симптомсыз түрі. Қашықтан жұмыс істеп жатырмын, себебі ауыратын уақыт жоқ», – деді Бекшин.
Бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына адам толы автобустарға отырмауға кеңес берген еді. Қоғамдық көліктер халықты орындықтарға отырғызып қана тасымалдауы керектігі туралы қаулы сақталмай жатқанын онлайн брифинг барысында журналистер айтты. «Иә, бұл қаулыны сақтау қиын болып тұр. Кондукторлар жоқ болғандықтан, бұл процесті реттеу оңай емес. Автобустар жолаушыларды толтырып алып жүрмеуі керек. Жолаушылардан адам толы автобусқа мінбеуді сұраймыз. Қоғамдық көлікте отыратын орын санынан артық адам болмауы керек», – деді ол. Бас санитарлық дәрігер карантин шараларының сақталуын полиция бақылайтынын ескертті. «Жолаушылар өздері қашықтық сақтауы керек. Автобус жүргізушілеріне талапты орындау өте қиын. Сондықтан, біз жолаушылардың түсіністігіне сенеміз», – деді ол.