Құны 830 теңге ПТР-тесттің нарықтағы бағасы неге 10 мың теңгеден жоғары?
Құны 830 теңге ПТР-тесттің нарықтағы бағасы неге 10 мың теңгеден жоғары?
© сурет интернеттен алынды
5,130
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ПТР-тестен өту құны – тестің өзінің сатып әкелінген бағасынан неліктен қымбат екенін түсіндірді. Үкімет елдегі коронавирусты тексеретін 1,2 млн дана ПТР-тест сатып алу үшін 1 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді. Осылайша, 1 млрд теңгеге 1,2 млн тест алыған, бір тесттің бағасы 830 теңге шамасында. Бірақ, қазір жеке және мемлекеттік зертханалардағы ақылы ПТР-тесттің бағасы 11 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін барады. Брифингте Людмила Бюрабековадан журналистер бұның себебін сұрады. Вице-министрдің айтуынша, зертханалар тек ПТР-тест үшін емес, оны алуға қажетті құрал жабдықтардың құнын, тіпті, зертхана қызметкерлерінің жалақысын өндіріп алу үшін бағаны бірнеше есе өсіріп отыр.
«Ақша тек қана ПТР-тест үшін емес, ПТР тестілеуді жүргізуге қажетті қызмет үшін алынады. Яғни, ол ақшаға тек тест емес, 40 түрлі зертханалық құрал-жабдықтың бағасы, зертхананың қызметі мен қызметкерлердің жалақысы да қосылады», - деп түсіндірді Бюрабекова.
Яғни, бір тест жасау үшін кешенді қызмет көрсетілетіндіктен, оның нарықтағы бағасы осындай болып отыр.
«Біздің (Денсаулық сақтау министрлігінің – авт.) ұлттық сараптама орталығымыздағы зертханаларда ПТР-тесттің бағасы 10,5 мың теңге шамасында», - деді Бюрабекова.