Қазақстанда жаңа туған 21 нәресте коронавирус жұқтырған
Қазақстанда жаңа туған 21 нәресте коронавирус жұқтырған
© сурет интернеттен алынды
221
оқылды
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 21 ананың нәрестесі іште жатып індетті жұқтырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова хабарлады. Бұл  балалардың барлығын дәрігерлер ауыр сырқаттан аман алып қалған.
«Республика бойынша пандемия кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1085 жүкті әйел тіркелді. Олардың 167-і босанды, балалары сау. Анасынан вирус жұқтырып, туа сала коронавирус анықталған нәрестелер саны – 21. Олардың барлығы қазір жазылып шықты», - деді Бюрабекова.
Айта кетейік, қазір Қазақстан бойынша 249 бала коронавирустан емделіп жатыр.