Алматыда жалға берілетін баспана бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды
Алматыда жалға берілетін баспана бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды
104
оқылды
Алматыда жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз үйді жалға алу мемлекеттік бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды. «30 маусымнан 3 шілде аралығында Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастардан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз жалға үй беру бағытында құжат қабылдауды бастады», - деп хабарлады басқармадан. Өтінімдер мен құжаттар www.almaty-jastary.kz сайты арқылы беріледі. Сайттағы авторизация электронды қолтаңба арқылы жүргізіледі. Бұл бағдарлама бойынша баспана 5 жылға жалға беріледі. Қазір Алатау ауданындағы 13-шағынауданда 1 бөлмелі пәтерлерден бесінші пул жасақталған. Бағдарламаға қатысу шарттарымен мына жерден танысуға болады.