Қазгидромет синоптиктері 2-4 шілде аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты. Қазақстан аумағының басым бөлігін жаулаған Оңтүстік-Каспий циклоны солтүстік-шығысқа қарай ығысады. Бұл циклонның атмосфералық фронттары найзағай, екпінді жел мен жаңбыр әкеледі. Жеке аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы ықтимал. Температуралық фон түнде +8…18 дейін, күндіз +18…28 градусқа дейін төмендейді. Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтар жоғарғы қысым аясында болады. Мұнда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура түнде +13…22 дейін, күндіз +30…38 градусқа дейін жоғарылайды.