«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына орай 2 шілдеге бірнеше өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. 15-20 м/с күшпен оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с артады. Ал таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында жылдамдығы 30 м/с және одан жоғары болады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жауын күтіледі. Сондай-ақ тәулік бойы найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Солтүстіктен жел соғып, күндіз оның күші 15-20 м/с артады. Қарағанды облысында жаңбыр болады. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 15-20 м/с екпінмен солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Жылдамдығы 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады. Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.