Ералы Тоғжанов коронавирустан сауықты

Ералы Тоғжанов коронавирустан сауықты

Қазақстан Үкіметі басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. 18 маусымда вице-премьердің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Тоғжановта ауру белгілері байқалмаған.

"Ералы Лұқпанұлының он күн емделгеннен кейін тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетті. Ол жұмысына кірісті", - деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова.