Қоймаларда 4 миллион маска бар - министрлік
Қоймаларда 4 миллион маска бар - министрлік
© сурет интернеттен алынды
Қазақстанда бір тәулікте 772 мың медициналық маска тігіледі. Қоймаларда 4 млн данасы бар Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. «30 маусымдағы жағдай бойынша елімізде тәулігіне 772 мың дана бетперде өндіріледі. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 567 мың, тігін кәсіпорындары 204 мың дана өндірді. Қоймаларда 4 миллионнан астам бетперде бар. Тиісті ақпарат «СҚ-Фармация« ЖШС-ға беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі», - деді министрліктен. Мәлім етілгендей, елімізде дәке және бөзден тігілген бетперделер атқарушы органдармен жасалған шарт негізінде жеткізіліп тұрады. «Қазіргі кезде бетперделер өндірісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қатаң бақылауына алынды. Қосымша өндірісті іске қосу және өндірісті кеңейту нәтижесінде бетперделер өндірісінің көлемі тәулігіне 1 млн данаға жетті. Залалсыздандыру құралдарына келсек, ағымдағы жылдың 30 маусымында 63 350 литр залалсыздандыру құралы шығарылды. Қоймада 331 576 литр, тұтынушыларға көшелер мен үй-жайларды тазалау үшін және дәріхана желілеріне 56 730 литр жөнелтілді», - деді ведомстводан. Медициналық маска тігіп отырған фармацевтикалық кәсіпорындар: «Dolce» ЖШС (Алматы обл.) 178 675 дана/тәулік, «Medical Active Group» ЖШС (Алматы қ.) 3000 дана/тәулік, «MegaPharma» ЖШС (Жамбыл обл.) 50 000 дана/тәулік, «ТК-Фарм Ақтөбе» ЖШС (Ақтөбе қ.) 40 000 дана/тәулік, «Ecos» ЖШС (Алматы қ.) 2 000 дана/тәулік, «Bizhon» ЖШС (Шымкент қ.) 66 500 дана / тәулік, «Болашақ 2019» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) 45 000 дана/тәулік,« Vita Pharma « ЖШС (Нұр-Cұлтан қ.) 2 000 дана/тәулік, BIONIC-PRO ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) 180 000 дана/тәулік.