Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы Қазақстан Үкіметінің Қаулысына өзгеріс енгізілді, деп хабарлады primeminister.kz. Үкіметтің 1 шілдедегі №417 Қаулысын назарларыңызға ұсынамыз. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №155 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-1-тармақ алып тасталсын. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қытай Халық Республикасына дипломатиялық арналар арқылы хабарласын. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.