Елордада қала күніне орай 16 іс-шара жоспарланған
Елордада қала күніне орай 16 іс-шара жоспарланған
267
оқылды
Елордада қала күніне орай 16 іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness. Биыл елорданың Сарыарқа төріне көшкеніне 22 жыл толады. Даталы күнде бас қалада 16 іс-шара жоспарланған. Коронавирус салдарынан мерекелік бағдарламалар жабық залдарда емес, ашық аспан астында ұйымдастырылмақ. Келушілерге арақашықтықты сақтау талабы қойылып, онлайн көрсетілім де көзделген.
«Шілденің 3-і мен 4-де Есіл өзенінің жағасында өнер жұлдыздары автобустар мен теплоходта өнер көрсетеді. Шілденің бесі мен алтысында Ботаникалық саябақта гүлдер жәрмеңкесі мен түрлі байқаулар өтеді. Сонымен қатар, далада қойылатын кинотетарлардан тұрғындар отандық фильмдерді тамашалай алады. Спорттық сайыстар мен велошеру ұйымдастыру жоспарға енген. Негізгі шара – 6-шы шілде күні Нұр-Сұлтан – Ұлы Дала жүрегі атты гала-концертке ұласады», - деп хабарлайды арна.
Тұңғыш Президенттің туған күніне тұспа-тұс келетін мейрамда барлық санитариялық шаралар сақталады дейді әкімдіктегілер.