Аружан Саин тойды өткізуді екі жылға кейінге қалдыруды ұсынды
Аружан Саин тойды өткізуді екі жылға кейінге қалдыруды ұсынды
© сурет интернеттен алынды
192
оқылды
Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин коронавирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін  той-жиын өткізуді екі жылға кейінге қалдыруды ұсынды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.
«ДДСҰ пандемияның 2022 жылға дейін созылатынын болжап отыр. Сондай-ақ, ғалымдар, оның ішінде АҚШ ғалымдары вирустың таралу қарқынын ескере келе, індет алдағы 1,5-2 жылда тынышталмайтынын айтты. Адамдар дәл осылай жаппай ауыра берсе, ешбір елдің денсаулық сақтау саласы шыдас бере алмайды. Егер адамдар үйлену тойына, мерейтойға, асқа барып, ертесіне жұмысқа келе берсе, бәріміз ауырамыз, ешкім, әсіресе балабақшаға баратын балалар қорғалмаған», - деп жазды ол.
Ол вирусты тасымалдаушы болып есептелетін балаларға алаңдайтынын да айтты.
«Иә, балаларда ауру жеңіл өтеді, бірақ біз бұл коронавирустың кейінгі салдары қандай болатынын білмейміз ғой?! Олар қазір сырттан вирус әкеліп, үйдегі ересектерге, ата-әжелеріне жұқтырып жатыр», - деді А. Саин.